Бұл туралы америкалық кинематография өнері және ғылым академиясы хабарлады.
«Орындалмайтын миссия», «Соңғы самурай», фильмдерінің жұлдызы сыйлыққа төрт рет ұсынылған.
- Биыл Governors Awards керемет зор мансабы мен біздің кинематографиялық қоғамдастығымызға деген адалдығы зор әсер етіп келе жатқан төрт танымал азаматты таңдайды, - деді академия президенті Джанет Янг.
Сонымен қатар «Оскар» сыйлығын әнші Долли Партон, актриса Дебби Аллен мен қоюшы-суретші Уинн Томас алады.
Oscar мүсіні Governors Awards академиясының 16-шы іс-шарасында, яғни 2025 жылдың 16 қарашасында, жексенбі күні беріледі.
Осыған дейін «Оскарды» енді ЖИ көмегімен түсірілген фильмдер алуы мүмкін екені туралы жаздық.