Еске сала кетейік, Головкин-Уэйд шоуы мен Роман Гонсалес жекпе-жегін тамашалау үшін билеттердің бағасы 30 доллардан басталады. Алайда, дәл қазіргі уақытта ең арзан билеттер сатылып кеткен.
«Геннадий Головкиннің өнерін адамдар көргісі келеді. Біз оның шаршы алаңға шыққан кештерінің билетін қолжетімді етуге тырысып жүрміз», - дейді Леффлер.