- Геннадий кез келген келіссөзге ашық. WBA оған Джейкобспен айқасқа шығуға міндеттеді. Көреміз, бұдан не шығарын.Егер келісудің сәті түспесе біз бірлестіруші айқас ұйымдастырамыз. Біз бұдан бұрын Ұлыбитанияда Сондерспен жекпе-жек ұйымдастыруға әрекет жасадық, бірақ келісім жасау мәселесі шешілген жоқ»,-деді Лёффлер.
Айта кеткен жөн, айқастан кейін бірден Головкинмен ринкте кездесуге Билли Джо Сондерс, Дэниэл Джейкобс және Крис кіші Юбэнк тілек білдірген болатын.