Том Леффлер: «Фьюридің Уайлдерді жекпе-жекке шақырғанындай Головкинді де бір чемпион рингке шақырса деп үміттенеміз»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Тайсон Фьюридің рингке шығып, Деонтей Уайлдерді айқасқа шақырғаны жайлы пікірін білдірді, деп хабарлады Sports.kz.

Леффлер атап өткендей, Головкинге де дәл осындай оқиға қайталанса деген үміт те жоқ емес. - Бізде әзірге Фьюридің Уалдерге жасағанындай, орта салмақтағы чемпиондардың бірі Геннадий Головкинді шақырса деген үміт қана бар, - деп жазды өз твиттерінде промоутер.