Бұл туралы sports.kz хабарлайды.
Орташа салмақтағы WBA әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Энди Лимен бірлескен айқас ұйымдастыруға қаржылай көмек алу үшін НВО телеарнасымен ынтымақтасып жұмыс істеуге ниетті екендігін мәлімдеді.
«Энди Ли-Геннадий Головкин арасында бірлескен айқас өткізу жайлы сұрадым. Том Леффлер Ли үшін НВО тарапынан қомақты қаржылай қолдау қажеттігін айтты», - деп хабарлады Sport Illustrated журналисті Крис Мэнникс өз твиттерінде.