Том Леффлер: Головкин-Альварес жекпе-жегі туралы әзірге ештеңе шешілген жоқ

АСТАНА: ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Boxingscene.com-ға GGG-дің Сауль Альвареспен жекпе-жегін ұйымдастыру туралы келіссөздердің ағымдағы жағдайы туралы баяндап берді, деп жазады Sports.kz.

«Әзірге Геннадий үшін ештеңе шешілген жоқ, біз күтіп отырмыз. Оскар (Де Ла Хойя) олардың сот қарауынан кейін біз бірге отырып, қандай мүмкіндіктер бар екенін қарастыратынымызды айтты. Ең болмағанда, біз басқа нұсқаларды қарастыратын боламыз», - деді ол.

Леффлердің айтуынша, Головкин рингқа қыркүйекте, одан кейін қараша немесе желтоқсанда қайтып оралуы мүмкін.

«Оның міндеті - бокста ең белсенді чемпион болып қалу», - деді промоутер.

Сондай-ақ Леффлер осы жұма күні Golden Boy өкілі Эрик Гомеспен әңгімелескенін атап өтті.