«GGG алдағы кездесуінің қашан, қайда, кіммен өтетіні туралы жуырда ресми түрде мәлімдейді, - деді Леффлер Periscope-трансляция барысында.
Айта кетейік, Головкин жаз маусымының басында рингке оралуы мүмкін. Los Angeles Times басылымы таратқан хабарларға сүйенсек, ол шамамен 8 немесе 14 маусым күні Нью-Йоркте жекпе-жек-өткізеді. Әзірге Головкиннің қарсыласы кім болатыны анық емес. Дегенмен, франциялық Хассан Ндам Нжикаммен кездесуі мүмкін деген әңгіме көбірек айтыла бастады.