Том Лёффлер: «Головкин-Юбенк» кездесуіне келісім жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер қазақстандық кәсіпқой боксшы мен британдық Крис кіші-Юбенк арасындағы кездесу келісілуге шақ қалғанын мәлім етті.

Бұл туралы «Чемпионат» жазады.

«Жағдай былай: екі жақ келісті, қазіргі сәтте бар назар екі жақты да қанағаттандыратын келісімшартты даярлауға ауып отыр. Жақын арада біз бұны ресми түрде нақтылаймыз деп ойлаймын», - деп хабарлайды Лёффлер Boxing News 24-ке берген сұхбатында.