Том Лёффлер: «Қазіргі уақытта әлемде Головкинді жеңе алатын боксшы жоқ»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ боксшысы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер өз клиентінің британдық Келл Брукпен алдағы айқасы жөнінде пікірімен бөлісті, деп жазады Sports.kz WBCBoxing.com-ға сілтеме жасап.

- Брукпен кездесуде ешқандай проблема туындамайды. Геннадий бұдан бұрынғы 22 қарсыласы тәрізді жеңуі тиіс. Менің ойымша,  рингте Головкин тәрізді жасындай жарқылдайтын боксшы жоқ. Бруктің ең мықты тәсілі -берік қорғаныста тұра білуі.Геннадий болса, қолайлы сәтті күтеді де қуатты соққылар жасайды.

Қазіргі уақытта әлемде Головкинді жеңе алатын боксшы жоқ.

Еске сала кетсек, Головкин - Брук айқасы 10 қыркүйекте Лондонда болады.