Том Леффлер: «Котто бізбен келіседі немесе титулынан айырылады»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Вилли Монромен кездесіп, жеңіске жеткен WBC бойынша орта салмақтағы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) Мигель Коттомен (39-4, 32 КО) кездесуге басты үміткер екенін дәлелдеді. «Ол күзде Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуы үшін алдымен Головкинмен кездесуі керек, деді Геннадийдің промоутері Том Леффлер. - Немесе Мигель титулдан айырылады».

«WBC Котто мен Гил жекпе-жегінің (6 маусымда өтетін) жеңімпазы Геннадиймен жұдырықтасуы керектігін анық айтты, - деген Леффлердің сөзін Boxingscene келтірді. - Котто Альвареспен де кездесе алады, алайда WBC титулы үшін емес. Ол міндетті түрде Геннадиймен келісуі керек. Мұндай келісім әзірге жоқ, сондықтан күтеміз. Егер Котто оның рұқсатынсыз жұдырықтасса, онда ол титулды босатып, Геннадий автоматты түрде әлем чемпионы атанады».