Том Леффлер: «жекпе-жекке 30 күн қалғанда Головкиннің салмағы 164 фунт, Альварестікі - 167,8 болды, олардың қайсысы ірі?»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Том Леффлер Головкин Доминик Уэйдпен жекпе-жегіне 30 күн қалғанда өлшенгенінде, Мигель Коттомен кездесуге сондай мерзім қалғандағы Сауль Альварестің салмағынан жеңіл болғанын атап өтті, деп хабарлады Sports.kz.

«Кездесуге дейін 30 күн қалғанда WBC салмақ өлшеуінде GGG салмағы 164 фунт болды, Коттомен жекпе-жегінен 30 күн бұрын Канело салмағы 167,8 болған, яғни орта салмақтағы ірілеу әлем чемпионы кім?», - деп жазды Леффлер твиттерде.