Кітаптардың жаңа нұсқасынан оқырмандар үшін мәдениетсіздеу көрінетін сөздер алынып тасталмақ, - дейді Associated Press.
Бұл жерде мәселе нәсілдік сипаттағы (racial slur) ар- намысқа нұқсан келтіретін сөздер жайлы болып отыр. Жаңа нұсқада ақ адамдарға қызмет еткен қара нәсілділерді «негр» деп бөлмей, «құл» деп атау көзделуде.
М.Твеннің шығармашылығын зерттеуші Алан Гриббен "Гекльберри Финнің бастан кешкендерінде" саяси жағынан өрескел сөздердің 219 рет, "Том Сойерде" - 4 рет кездесетіндігін санап шыққан.