Томас Бах: Бразилиядағы дағдарыс 2016 жылғы Олимпиадаға кедергі келтірмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяси және экономикалық ахуал Рио-де-Жанейрода 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге әсер етпейді.

Германияның Kicker басылымына сұхбат берген Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах осылай мәлімдеді.

Желтоқсан айында Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Бразилия рейтингісін «BB » деңгейінен «BBB-» деңгейіне түсірген. Бұл көрсеткіш бойынша болжам «негативті» болып белгіленді.

«Бразилияда қазір жағдай қиын, ондағы саяси және экономикалық ахуал бізге белгілі. Ел терең дағдарыс жағдайында. Алайда құрылыс нысандары аяқталды, сондықтан біз айырықша Олимпиада ойындарына куә боламыз», деді Бах.

XXXI жазғы Олимпиада 2016 жылғы тамыздың 5-нен 21-і аралығында өтеді. Олимпиада ойындары Оңтүстік Америкада алғаш рет ұйымдастырылуда.