НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) президент қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Бұл шешім ХОК-нің 137-сессиясында өткізілген сайлауда қабылданды. Онлайн режимде ұйымдастырылған шара барысында ол 93 дауыс жинап, бір адам қарсылығын білдірді.
Айта кетейік, аталған сайлауда бір ғана үміткердің кандидатурасы таңдалды.
Томас Бах жаңадан сайланған қызметіне 3 шілде-8 тамыз аралығында өтетін Токио Олимпиадасынан кейін кіріседі.
Естеріңізге сала кетелік, ол - Халықаралық олимпиада қомитетінің тоғызыншы президенті. Бұл қызметті 2013 жылдан бері атқарып келеді. Аталған ұйымға 1991 жылы мүше есебінде қабылданған ол 1996-2000 жылдар аралығында атқару комитетінің құрамына енді. Ал 2000-2013 жылдарда вице-президент болды.
Биыл 68 жасқа толатын Томас Бах 1976 жылы семсерлесу спортынан Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.