Томат тұздығы өмірді ұзартады

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Барселона университетінің ғалымдары томат тұздығын өмірді ұзартатын өнімдер қатарына қосуды ұсынып отыр.

Олар бұл өнімнің мидағы қан айналымы жұмысын реттеп, ұстамалы жүрек ауруының алдын алатынын анықтады.

The Daily Mail-дың хабар­лауын­ша, ғалымдар зерттеген томат тұздығының құрамы қыза­нақ, зәйтүн майы, пияз бен сарымсақ қоспасы және жүгері ұнынан тұрады. Ал химиялық-биологиялық құрамына келсек, онда антиоксидант бола алатын 40 полифенол бар. Жүрек пен қан айналымы жүйесін қышқыл­да­ну­дан сақтайтын заттар - осы. Испан ғалымдарының айтуынша, дәл осындай қосындылардан тұратын қызанақ тұздығы адам ағзасы үшін аса пайдалы. Әсіресе ол жүрегі ауыратын науқас­тардың өмірін ұзарта алады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.