Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі China Daily газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш басылымның жазуынша, күшті желдерге төтеп бере алатын көпір Шицзяжуан қаласының маңындағы Хунъягу ауданында орналасқан және екі тік жартастың арасын жалғап тұр. Оның ұзындығы - 488 метр, ені - 2 метрді құраса, биіктігі - 218 метрге (шамамен 66 қабат) жетеді.
Сәулеттік нысанның жалпы салмағы 70 тоннаны құрайды, оны салуға қалыңдығы 4 см болатын 1077 мөлдір шыны панелі жұмсалған.
Ерекше әсер сыйлау мақсатында көпір келушілер сәулеттік нысанның бел ортасында жеткенде қозғалатындай етіп жасалған. Ерекше нысан бір мезгілде 2 мың адамға дейін көтере алады, бірақ әзірге 500 адамға ғана бір мезгілде көпірге шығуға рұқсат берілген.