НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев «Томирис» фильмінің трейлерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Трейлерде жақындарынан айырылған кішкентай Томиристің Сақ патшайымы лауазымына дейінгі өмір жолы көрсетіледі. Онда Сақ тайпаларының Парсы патшасы Кирге қарсы жорығы көрініс тапқан және кейіпкерлер ежелгі түркі, ежелгі парсы тілдерінде сөйлейді.
Фильм 2019 жылдың күзінде көрермен назарына ұсынылады.
Патшайымның рөлін сомдауға 15 мың үміткердің ішінен психолог-коуч Альмира Тұрсын таңдалған еді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.