Томск облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Томскте Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 15 адам зардап шекті.

Осыған орай қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Атап айтқанда, қазіргі кезде бір адам жансақтау бөліміне жеткізілген, ал тікұшақтағы бес жолаушыға амбулаториялық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне жіберілді.

Өткен жексенбіде үш экипаж мүшесі және 14 жолаушысы бар Ми-8 тікұшағы Томсктен 350 шақырым жердегі Игол тікұшақ алаңынан көтерілу кезінде бүйіріне қарай құлады.

Апаттың негізгі нұсқалары ретінде ұшқыштың қателігі мен машинаның техникалық ақаулығы қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеде Якутияда Ми-8 тікұшағының апат болуы салдарынан 24 адам қаза тапқан еді. Апаттың себебі әлі анықталған жоқ.