Томскіде салмағы 6 келіден асқан сәби дүниеге келді
19:47, 11 Қаңтар 2012
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - 10 қаңтарда облыстық перинаталды орталықта 28 жасар әйел бойы 61 см-ді құрайтын 6 келі 410 грамм салмақтағы сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлап отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқарамасы мәлім еткендей, 5 келіден асқан сәбилерді медициналық термин бойынша «алып сәби» деп атайды екен. Томск облысы денсаулық сақтау басқармасы статистика бойынша 5 келіден асып туған сәбилер 1500 сәбидің ішінде 1 рет кездесетінін атап өтті.