«Менің ойымша, Brexit-ке жол бермеу керек. ЕО құрамынан шығу экономикалық және саяси тұрғыдан айтарлықтай шығындар алып келеді», - деп атап өтті Блэр.
Оның сөзіне қарағанда, экномикалық көрсеткіште айтарлықтай өзгерістер болған. Өткен жылы Ұлыбритания G7 елдері экономикасы ішінде көшбасшы болса, ал қазір төмен көрсеткішке түсіп, соңғы 50 жылдағы ең төменгі деңгейге жеткен. Мәселен, автомобиль өнеркәсібіне инвестициялау көлемі 30% қысқарған.