Тони Блэрдың кеңесіне жүгіну - елдің экономикалық реформаларын табысты жүзеге асыруға бағытталған шара - СІМ ресми өкілі

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Шет мемлекеттерден кеңесшілер тарту дамыған мемлекеттердің тәжірибесін кеңінен зерттеп, оны қажетінше пайдалануға мүмкіндік береді»,-

дейді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

Ресми өкілдің пайымдауынша, Қазақстан үшін бұрын билік басында болған, қарым-қабілеті мен тәжірибесі мол мемлекет қайраткерлерінің әдістерін қолдану мемлекеттік саясатта да, біздің үкіметіміздің саясатында да басым бағыттардың бірі. «Сондықтан Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блэрдың кеңесіне жүгінуді - елдің экономикалық реформаларын табысты әрі дүниежүзілік тәжірибе негізінде жүзеге асыруға бағытталған шара деуге болады»,-деді А.Әбибуллаев.