Бұл туралы «Кабар» агенттігіне Шу облыстық патрульдік милиция басқармасы хабарлады.
Мәлім болғандай, жол-көлік апаты кеше, 15 қарашада сағат 18:30-да Бішкек-Ош тасжолының 123 шақырымында болған. «Лексус LX470» және «Тойота Авенсис» маркілі көліктер соқтығысқан.
Қатты соққыдан «Лексус» жолдан шығып кетіп, аударылған. Абырой болғанда, «Тойота» жүргізушісі мен жолаушылары зардап шеккен жоқ. «Лексус» көлігіндегі жолаушылардың бірі - Қытай азаматы жарақаттанғанымен ауруханаға барудан бас тартқан.
Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.