Топ-10: Әлемдегі ең қымбат университеттер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем бойынша ең қымбат оқу орындарына Массачусет технологиялық университеті немесе Гарвард не Йель емес. Бұл тізімге басқа оқу орындары кіреді екен, деп жазады blogtime.kz.

ЧИКАГО УНИВЕРСИТЕТІ $ 57711

Бұл білім ордасын 1890 жылы Американдық Баптистердің білім беру қоғамы құрған. Бітірушілерінің ішінен 87 нобель сыйлығының лауреаттары шыққан. Оның 8-і аталған университетте сабақ береді.

ДЖОН ХОПКИНС УНИВЕРСИТЕТІ $57820

Джон Хопкинс Университеті Балтиморда орналасқан жекеменшік ғылыми-зерттеу орталығы 1876 жылы негізі қаланған.

ПАРСОН ДИЗАЙН МЕКТЕБІ $57910

ПАРСОН ДИЗАЙН МЕКТЕБІ (Parsons The New School for Design) - Нью-Йорк қаласындағы жеке меншік Өнер мектебі. 1896 жылы Уильямом Мерритом Чейз қалаған.

ДАРТМУТ КОЛЛЕДЖІ, $57996

Дартмут колледжі Нью-Гемпширедегі жекеменшік университет Дартмут колледжі 1796 жылы негізі қаланған, оқу орнынан Нобель сыйлығының 3 лауреаты шыққан.

КЛЕРМОНТ МАККЕН КОЛЛЕДЖ, $58065

Клермонт Маккен колледжі - Калифорния штатындағы Клермонт қаласында орналасқан жекеменшік гуманитарлық колледж. Колледждің негізі 1946 қаланған.

УЭСЛИ УНИВЕРСИТЕТІ, $58502

Уэсли Университеті Миддлтондағы Коннектикут қаласында орын тепкен жекеменшік гуманитарлық колледж. Оқу орны Джон Уэслидің құрметіне аталған. Ол методизм негізін қалаған. Университет бітірушілерінің көбі ғылым докторы деген дәреже алатынымен мақтана алады.

КОЛУМБ УНИВЕРСИТЕТІ, $58742