ТОП-10: Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үшінші жыл қатарынан Сингапур мекендеу үшін әлемдегі ең қымбат қала болып танылды. Бұл туралы рейтингті дайындап-жариялаған Economist Intelligence Unit (EIU) британиялық ғылыми-зерттеу орталығы хабарлады.

Екінші орында - Цюрих (Швейцария), ал үшінші орында - Гонконг (Сянган).

Алғашқы ондыққа Женева (Швейцария), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания), Нью-Йорк (АҚШ), Копенгаген (Дания), Сеул (Корея Республикасы) және Лос-Анджелес (АҚШ) кірді.

Ең арзан мегаполистердің ішінде Замбия астанасы Лусака, сонымен қатар үнділік Бангалор мен Мумбаи бар. Бұл ондыққа сонымен қатар: Алматы (Қазақстан), Алжир (Алжир), Ченнаи (Үндістан), Карачи (Пәкістан), Нью-Дели (Үндістан), Дамаск (Сирия) және Каракас (Венесуэла) кірді.

Бұл рейтингтерді құрастырғанда сарапшылар 160 тауар мен қызметтің бағасын ескереді, деп жазады rosbalt.ru.