18 шақырымдық топ бәйгеге 19 жүйрік қатысқан болатын. Алайда олардың тек үшеуі ғана мәреге жетті.
1-орын: Холибой, шабандозы - Бақтыбай Сержан, бапкері - Медет Ерләлім, ат иесі - Еділ Бұралқиев (Қазақстан);
2-орын: Зымыран, шабандозы - Арнат Мұратхан, бапкері және ат иесі - Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);
3-орын: Кемеңгер, шабандозы - Жанболат Марден, бапкері - Саламат Ахметов, ат иесі - Бекболат Серікбеков (Қазақстан).
Еске сала кетейік, бұған дейін 3 200 метр қашықтықта сынға түскен 7 сәйгүлік арасында алғашқы үштікті тағы да Қазақстан жүйріктері алғанын жазған едік.