Ол жерде Топ Гирді бауыр басып, әбден үйренісіп кеткен жүргізуші былай деп ағынан жарылыпты: «Top Gear бағдарламасына 12 жылдан астам уақыт бойғы өмірімді тәрк еттім. Мен оны тұла бойымнан шыққан баламдай жақсы көріп, жүргіздім. Енді қазір ол баламнан айрылып қалдым, бірақ оның орнына тағы біреуін тудырып, өз қолыммен түсіріп шығармақпын».
Әзірге шоудың нақты қандай болып, қай телеарнадан көрерменге жол тартары белгісіз. Бірақ беймаза Кларксон оны дайындауға қазірден қамданып жатса керек, деп жазады rbc.ru.