Бүгін, 13 желтоқсанда Абай ауданында «Каzakhmys Еnergy» ЖШС Топар-ГРЭС-2-де қазандықтан бу құбырының жарылуы орын алды. «Кazakhmys Еnergy « ЖШС ақпараты бойынша 1958 жылы туған ер адам қаза тапты, 3 адам зардап шекті. 1975 жылы туған әйел және 1971 және 1980 жылғы ер адамдар 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды.
«Абай қаласының жылу және электрмен жабдықталуына аталмыш оқиға әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта «Кazakhmys Еnergy« ЖШС күшімен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.