1964 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан станция жылу және электр қуатымен Абай қаласы мен Топар кентін қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ өндірілген электр энергиясы Қарағанды, Жезқазған және Балқаш аймақтарындағы «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарының жүктемесін жауып отыр. БТЭС-да 16 қазандық және 8 турбо агрегаттар жұмыс істейді, бекітілген электр қуатылығы 613 МВт, жылу қуаты - 300 Гкал/сағ құрайды. Станцияда 1265 адам қызмет етеді.
Биылғы жылы Топар БТЭС жылыту маусымына дайындау үшін 3,1 млрд теңге бөлінген, оның ішінде негізгі және қосалқы құрылғыларда күрделі жөндеу өткізу үшін - 1,5 млрд теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 1,6 млрд теңге қарастырылған. Кәсіпорын басшыларының мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр және де жұмыстар бекітілген мерзімде аяқталады.
Ағыымдағы жылы құрылғыларды жаңғыртуға 11,8 млрд теңге бағытталған. Барлығы БТЭС-да 6 қазандық пен 4 турбина ауыстырылады. Есептеулер бойынша, жобалардың жалпы құны 56,8 млрд теңгені құрайды.
- Станцияда қазіргі таңда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңғырту бағдарламасы үздіксіз жұмыс атқару режимінде іске асырылуда. Бізде заманауи қазандық пен соңғы буын техникасы болып табылатын турбиналық құрылғы орнатылып жатыр. Басқарма толығымен автоматтандырылған болады, - деп атап өтті «БТЭС Топар» ЖШС директоры Владимир Черепанов.
Цехтарды қарап шыққан соң Ерлан Қошанв «Крпорация Қазақмыс» ЖШС, басқару компаниясының және «Қазақмыс Энерджи» ЖШС басшылықтарымен жиналыс өткізді. Басқосуда энергонысандардың алдағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды: «БТЭС - Топар», Жезқазған және Балқаш ЖЭО, сондай-ақ инвестициялық бағдарламалардың атқарылуы да талқыға түсті. Бюджеттік ұйымдарға көмір жеткізу туралы есеп берілді. Қатысушылар тарифтік саясат мәселесін ортаға салды.
- Бұл тұрғындар үшін ерекше мәселе. Әр қадамдарды ойланып істеу қажет - себепсіз баға көтерулерге жол бермеу керек, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі Топарда жылуды есептеу құралдарын орнатуға қатысты, жылыту маусымына дайындық барысын бақылау мәселелерін көтерді. Тағы бір тапсырма Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның 51-ші қадамы «АЭК ірілендіру» орындауға қатысты болды. Барлық иесіз қалған және коммуналдық желілерді энергия таратушы ұйымдарға беру қажет.