Қырғызстан мен Тәжікстанның үкіметтік делегацияларының қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша топографиялық жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті, деп жазады Кабар агенттігі.
Отырыс барасында топографиялық жұмыс тобы қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының 3,71 шақырымы бойынша келісімге қол қойды.
Тараптар Тәжікстан аумағында өтетін келесі кездесуде қалған бағыттарды анықтау жұмысын жалғастырады.
Тиісті хаттамаға қол қойылды.
Кездесу достық пен өзара түсіністік жағдайында өтті.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.