Төрегелді Шарманов: Даламызда қазір 2 миллиондай ғана жылқы қалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. «Ұлы даланың жеті қыры» осылай басталады. Жалпы жеті саны киелі сан екені санамызға сіңіп қалған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл еңбегі киелі жеті санымен байланыстыруында үлкен мән жатыр деп ойлаймын. Осы қасиетті жеті санның жеті кереметінінің бірі – қазіргі жаһандық экономиканың алғышартарын да айқындайды.

Осы орайда бүгінгі сұхбатымыз Ұлттық Ғылым Академиясыныңакадемигі Төрегелді Шармановпен Журналистика Академиясының академигі Махат Садықтың арасында өрбіген еді.

Махат Садық: Елбасының«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Атқа мінумәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтанбелгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай»қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстанаумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздіңбабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымдаалсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты», делінген.

Біз Номад ұрпағы екенімізді мақтаныш етуіміз керек. Осыншама ұланғайыр жерді сақтап қалуномадтардың ғана қолынан келді. Жер көлемі жағынан әлем елдері арасындатоғызыншы орындамыз. Жерасты қазбе байлықтары жағынан алдыңғы қатардамыз. Мәңгілік еліміздің – мәңгіліккежетер қоры бар.

Көпті көргеннен сұра дейді. Төрегелді аға, Сіз көп көріп қанақойған жоқсыз. Ұлт үшін өте көп игілікті іс атқардыңыз. ҚазірНомадтың серігі мен тірегі жылқы мәселесін көтеріп жүрсіз...

Төрегелді Шарманов: Ел мүддесі,ұлт болашағы үшін ешқашан тартынбадық.

Бір заманда әлемді ат үстінде жүріп-ақбилеген Франция империясындай бес мемлекет сыйып кететін даламызда қазір бар болғаны екі миллиондай ғана жылқы жүр.Бұл өте аз. Түкке тұрмайды.Меніңше, біздің сар даламызғаон миллион бер жағы, елу миллион, тіптен жүз миллион жылқы өсірсек артықетпейді. Мұнай мен газ ертең таусылады. Жылқының пайдасы ұшан–теңіз.Жылқы - қасиетті жануар. Құдіретті күш, ғаламат аура иесі. Жеріміздің кеңдігіжөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрмыз деп мақтанамыз дедіңіз, Махат бауырым.Сол мақтанышқа біле білсеңіз бізді жеткізген жылқы. Осы жерді атадан балағасақтап жеткізген де жылқының күші мен құдіреті. Мәңгілік ел мұратын жариялаған ТұңғышПрезидентіміз Н. Назарбаевтың сарабдал саясатын жанына жалау еткен бүгінгі жасбуын «Күндіз отыр­мадым, түн ұйықтамадым, қара терімді төктім, қызыл қа­ны­мдыағыздым, Түрк ұрпағы үшін» деген ұранды жатқа ай­тады. Сол ұранды тасқа қашапқалдырған дана Тоныкөк Ұлы даланың ұр­пағына жігер беретін тастай тал­масқайратты салт атпен жүріп қалдырған.Жанына қуат берген жалғыз сенімді жолаушысы жылқы болған.

Елу жыл бұрын Алматыны дүниежүзілік дәрігерлерконференциясы арқылы әлемге таныттым. Ол ақиқат, ешкім оған дау айта алмайды.Ендігі арманым Жылқы құдіретімен Қазақ елінің экономикасын әлемдік деңгейгешығаруға жол ашсам деймін. Тоқсанға қараған жасым бар. Бар жігерімді соғанжұмсап жатырмын. Жылқының қымызы мен саумалын ғана пайдаланып жүрміз. Етінжейміз. Кезінде арақ жасағандар болды. Ол дұрыс емес.

Жылқыны жүз миллионға жеткізуіміз лазым. Менің ғылымиинститутым жылқыдан қырыққа тарта түрлі өнімін шығаруды жолға қойды. Соныжалпықазақстандық экономиканың іргетасы жасасақ ұтылмаймыз. Тәтті тағамдардайындайтын әлемдік магнат монополист компаниялар сиыр сүтінің өнімдерінпайдаланып, миллиардтаған табыс тауып жүр. Сиыр сүті мен бие сүтінің айырмашылығыжер мен көктей. Ғалымдар бие сүтінің пайдасы ерекше екенін сан мәрте тәжірибе жасапдәлелдеп шықты. Сол орасан байлықтың үстінде біз отырмыз. Керемет тиімді кез. Адамзатбаласы табиғи таза тағамға тапшы. Үлкен экономикалық төңкеріс жасауымызғаболады. Бүкіл әлем жұртына қажетті тәтті тағамды қазақ жерінде дайындапұсынайық. Қолымыздан келеді. Тек ерік пен жігер және сенім керек. Билік қолдап,қалталы азаматтарымыз осы идеяны жүзеге асыруға бір кісдей қолдау көрсетулеріміндет.

Махат Садық: Төрегелді аға, өзіңіз айтқандай, бүгінгі ұрпақ жарау атқа мініп, мұз­дайсауыт киіп, жалаулы найза көтерген бабалар ру­хы­нан мәңгілік қуат алады. Бұл –тәуелсіздік жемісі. Егемендік жолында тәуелсіз сананы, рух бо­с­­тан­дығын отаршылықжүйеге қарамастан көрсете алған сіздей алдыңғы буын өкілдерінің еңбегі екені даусыз.Тоталитарлық компартияның тұсында өмірге келдік. Оқыдық. Көргенімізденестігеніміз көп.

Дәуір мен заман ауысса да, сан қилы қоғамдық жүйелералмасса да, өзен-өмірдің әр пендесіне бұйырар несібесі болады. Сіз Совет кезеңінде де, қазір де халық құрметіндесіз. Билікте санасады. Отыз жасынызда орда бұзып, Алматыда жақсы лауазымғатағайындалдыңыз. Ректор болдыңыз. Қырыққа жетпей қамал алып, он бір жыл министрқызметін атқардыңыз. Бұл уақытқазақстандық ұлттық медицинаны жа­ңабелеске көтеріп, тұтас бір халықтың интеллектуалдық өре­сін өрісті көкжиеккежеткізбесе де, бедерлі белеске бастайтындай мерзім. Өткенге көз шолып, арқадақалған өткен жылдар жемісі мен есіл еңбек текке кеткен жоқ дей аласыз ба?

ТөрегелдіШарманов: Менмедициналық жоғары оқу орындарында қазақтардың үлесін өсірген бірінші ректормындей аламын. Ақтөбе медициналық институтына 1968 жылы ректор болып барғанда, институттағықазақ студенттерінің үлесі 37 пайыз екен. Қайран қалдым. Шалғайдағы елді мекенге,қырдағы қазақты емдеуге тек ұлты қазақ дәрігер ғана барады. Ректор болғанбірінші жылымда Ақтөбедегі медицина институтындағы қазақ студентерінің санынсол 37 проценттен 63 процентке күртөсірдім. Жалтақтамадым, қорықпадым. Менің тәжірибемді көрген басқа ректорлар даептеп қозғала бастады. Оларға қазақ студенттерінің санын көбейтіңдер деп ашықайттым. Намыстарына тиер сөз айттым. Мәжбүрледім. Өзім де Ұлытауға білім алыпбарған алғашқы дәрігер болдым. Әйелім екеуіміз хирург те, терапвет те, педиаторда, акушер де болдық. Бәрін көзбен көргенмін. Жоғары оқу орнында қазақ студентерінің санын өсірудіосылайша қорықпай жүзеге асырдым. Совет заманында он екі жылдай Денсаулықсақтау министрі болдым. Рас, туған жерім Ұлытауда мақтанып айтатындай зәулімемхана салғыза алмадым. Компарития қатты қадағалайтын. Жершілдік пен ұлтшылдықдеп санайтын ондай қадамды. Басты мақсатым жергілікті қазақ ұлтының мамандарындаярлауды міндет еттім. Медицина саласында қазақтар көбейген сайын мәселебіртіндеп шешілеріне күмәнім болған жоқ. Сол саясатты батыл жүргіздім. Министркезімде осы үрдісті өзіме қарайтын барлық медициналық оқу орындарына енгіздім.Менің бұл қадамымнан, қазаққа қажеттілік қағиданы көрген басқа ректорлар да өз қарауындағы жоғары жәнеорта білім беретін оқу орындарында қазақ жастарына көбірек орын берді.

Махат Садық: 1986жылы Қазақстан Компартиясының XVI съезі болды. Қонаевтың соңғы өткізген жиыны,Желтоқсан көтерілісінің қарсаңы. Сол съездереспубликамыздың Бас идеологы Зақаш Камалиденов қазақ халқының бойынанұлтшылдықтың белгісін іздеп, өзінің атақты, атышулы теориясы – ұлттарды,халықтарды процентке бөлу қағидасын бүкіл елге жария етті. Дәлірек айтсам, Сізжаңа ғана айтқан ізгі ниетті ісінізге қарама-қайшы теория. Республиканыңжоғары оку орындарында қазақ жастары жетпіс проценттен асып кетті депректорларды айыптады. Біз сол жылдары студент едік. Маркстік–лениндіктеорияларды жаттап жүрген кезіміз. Бірінші басшымыздың идеология жөніндегіорынбасарының съездегі баяндамасында Лениннен келтірілген цитаталардың орынсызқолданылғанын, ұсақ буржуазиялық ұлтшылдық саясатын әшкерлеген пікірлерінің қазақмәселесіне ешбір катысы жоғын білдік. Сол қилы кезде бас идеологтың даңғаза ұра­нына ермей,қарсы шыққан, тегеурінді мінез көрсеткен, зиялы ел ағалары, қарағайдай қасқайған абыздарымыз болды. Орталык Комитеттің хатшысына қателігін жіпке тізгендей бадырайтып ашықайтты. Бірақ қызмет үшін, жеке бас қамы үшін сойқан науқанға бел шеше атсалысқан белгілі ағаларымыз да аз болмады. Қалай ойлайсыз, мәселенің түп–төркінінеде? Жауапты қызметке лайықты адамды тағайындауда басты принцип басшығаадалдық па, әлде ұлтқа адалдық па? Бұл бүгінге де, ертеңге де қатысты депойлаймын.

Төрегелді Шарманов: Елгежақсылық жасау - лауазым иесінің парызы. Сол атақты съезден бір жыл бұрын министрқызметінен босап, Мәскеуге жер аударылып кеткенмін. Махат, айтқаныңды мен де Мәскеудежүріп естідім. Жасы зейнеткерлікке толмаса да абыз, ел ақсақалы атанған адам –Отанының тірегі. Сондай дәрежеде болу біздің қоғамда сирек кездесетін жайт. ЦК хатшысыКамалиденовтің жапқан жаласына қарсы шыққан Салық Зиманұлы болатын. Ол кісі Ұлттыңар-ұяты деген үлкен дәрежені арқалап өтті, алғыспен кетті. Осындай ұлы тұлғаларымызды ұлықтайбілуіміз керек. Олар біздің өшпес құндылықтарымыз… Қызмет әр адамға бұйырады.Сол лауазымды жеке басқа емес, ұлтқа жақсылық жасауға арнау міндет. Мен солайжасадым. Содан да ешкімнен именбеймін. Өткен күнімнен қателік тауып ала ма депқуыстанбаймын. Аллаалдында да, пенде алдында да адалмын.

Жан иесінің жүрегі туғаннан сұлулықты іздеп шарқ ұрады.Меніңше Алматыдай сұлу шаһар әлемде жоқ. Еуропаның ең сүйкімді, керемет таулықалалары Женева, Париж бәрін араладым. Жаһанның жеті кереметін жаяу шарладым.Бірақ Алматыдай әсем қаланы, Алатаудай ғажап тауды кездестірмедім. Ол меніңжастық шағым, есейген, ел басқарған кездегі Алматым.

Өкініштісі сол Алматыны жоғалтып аламыз ба деп қорқамын.Ару қаланың экологиялық жағдайы нашарлап барады. Саналы ғұмырым Алматыға дегенғаламат ғашықтық сезімге толы. Жас кезімде менің Алматымдай сұлу қала жербетінде болуы мүмкін емес деп ойлайтынмын. Расында да, дөңгелеген дүниені санмәрте шарлап шыққанда соған көзім анық жетті. Алматының аты алғаш рет әлемгетанылуына тікелей еңбегім бар. Денсаулық сақтау министрі кезімде Совет Одағында денсаулықсақтау ұйымының халықаралық конференциясы өтетін болды. Мәскеу оны Ташкенттеөткізуге шешім шығарды. Сонда елдің бірінші басшысы Қонаевқа барып базынамдыайттым. «Сіздің СССР бойынша беделіңіз Өзбекстанның бірінші хатшысы Рашидовтанжоғары. Сіз Политбюро мүшесі болсаңыз, Рашидов Политбюроға кандидат. Әлемдәрігерлерінің съезін Алматыда өткізуге қолғабыс жасаңыз. Бұл жиынға текдәрігерлер ғана емес, мемлекет басшылары да келеді. Бір күнде Алматымызды әлемтанитын болады», дедім.

«Төрегелді, жақсы айттың. Жақсылап тұрып ойларыңды қағазғатүсіріп әкел»,- деді Димаш Ахметұлы.

Қағазымды дайындап апарғам. Бірден қолына ұстаттым.Қонаев Брежневке айтып, Мәскеу қабылдап қойған бұйрықты бұздырып, съездіТәшкеннен тартып алып, Алматыда өткіздік. Съезге дүниежүзінен жүздегенжурналист жиналды. 1978 жылы Алматы конференциясында қабылданған Декларацияалғашқы медициналық-санитарлық жәрдем ұстанымдарын жария етіп, ХХ ғасырдағыденсаулық сақтау саласының Ұлы Хартиясы атанды. Конференцияда әлемде алғаш ретадамзат денсаулығын сақтау құқықтық сипат алып, медициналық көмектің жалпыхалыққа қолжетімділігі, ұстанымдары құжат түрінде бекітілді. Конференцияданкейін әлем елдерінің көпшілігі денсаулық сақтау саласын Алматы Декларациясынасәйкес үлгіде құрып, дамытуына байланысты дүниежүзіндемедициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсаруына елеулі үлес қосылды.Алматы «медицина Меккесі» аталды. Жиынға жиылған жұрт аузындағы осы сөздіжурналисттер дәл осылай өз басылымдарында жариялады.

Бірнеше елдің президенттері мен үкімет басшылары келді.Кеннеди бастаған аузы дуалы әйгілі саясаткерлер бас қосты. Алматы әу бастаосылайша әлемге денсаулықты қорғайтын, адамдардың тұрмысына қолайлы, өмірсүрулеріне лайықты жер бетіндегі экологиялық ең таза қала болып танылды. Әлемнің 146елінің өкілдеріне денсаулық сақтау саласының құрылымы көрнекі түрде көрсетілді.

Сол Алматымыздан айрылып қалмасақ деймін. Ұйықтасам да,тұрсам да көкейімдегі ең өзекті сауал осы.

Әлемді билеген АҚШ–тың алпауыт байлары мен миллиондағанауқатты тұрғындары жүз жасқа дейін жүгіріп жүріп, дәмі таусыларда ақ мамықтөсегімде жатып жаратқанға жан тапсырсам деп армандайды екен. Оны ғұмыр сүрудіңең жоғары сатысы – бесінші таза аймақ дейді. Ондай жерлер бар. Ол Калифорния,Сардиния мен Окинава. Әлемдегі аса бай ауқатты адамдар қартайған шағын солжерлерде өткізеді. Жердің бетіндегі пейіш. Қазақ жерінде де ондай табиғи тазааймақтар бар. Бурабай, сүйікті Алматымның маңы, Шығыс Қазақстан облысындағығажайып табиғи орындар. Соны көрсетуіміз,әлемге танытумыз керек. Таза, табиғи әрі адам ағзасына пайдалы тағамдарымыздынасихаттауымыз керек. Мықтылығымызбен әлемді мойындатуымыз керек. Ел ертеңініңережесі осы. Осыны көзіммен көріп, американдық әріптестерім секілді о дүниегеармансыз аттансам деймін.

Махат Садық: Қазақтың тарихы –халқымыздың данагөйлерінің сөзімен, ұлағатымен бізге жетті. Ежелден әулетбилігі ауыл ақсақалдарында болған. Олар әділдіктің символындай еді. Бүгінгіүлкендер өз баласына, жақын–жұрағатына шамасы жетсе билік тізгінін алып беругеқұмар. Елге қызмет емес, топқа қызмет қылуға үйретеді. Олардың мемқызметтежүріп қырықтың қырқасына жетпей жігері жасып, шал болып қара бастарын күйттепкететіндері сондықтан да шығар. Жағымпазданып, жарамсақтанып мәнді ғұмырын аяқастында, біреулердің көңілін аулап жырбыңдап өткізеді. Кейін басқаларғаүлкендерден көрген сол жаман ғадетін қаз–қалпында қайталайды. Ұшар басқажиналған құзғын қарғаларша теріс пиғылдарымен елдің ертеңіне күмән туғызады.Осындайлардың тамырын тарқатқызбай қалай құртуға болады? Сондайлар нақтыкезеңде шынайы ел қошеметіне лайық болса, ертең де елдің назарынан боларыннеге бағаламайды. Халықтың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленіп, абыройлы болу -ең биік дәрежесіне жеткен абыз ақсақалымыз осыған не дер екен дейміз, Төрегелдіаға.

Төрегелді Шарманов: Әлемжаңалықтарын ағылшын тілді ақпараттан аламын. Ағылшын тілінде оқи беремін. Кейінгіжастар да сондай болса деймін. Менің балам АҚШ профессоры. Немерелерім әйгілішетел колледждерінің оқу озаты. Қазақша сайрағанда өзімді шатастырады. Шеттілін біл, ана тіліңіді ұмытпа. Өркениеттілік қағидасы осы. Жаһанданузаманында бір елден екінші бір елдің үлгі алуы заңдылық. Әрине, мәдениеті менрухани байлығы дамыған өркениетті елдерден көп нәрсе үйренуіміз керек. Америкамен Жапония озған елдердің көш алдында. Әлем бойынша жоғары технологиялықғылыми жетістіктермен жасалатын бұйымдардың 45 пайызы осы Американың еншісінде.Бұл ретте Жапонияныңкөрсеткіші 20 пайыз. Жер асты қазынамыз керемет дейміз. Соны игеру үшінАмериканың тоқсан пайыз технологиясын пайдаланамыз. Демек тапқанымыздың денінтехнология үшін соларға төлеуге мәжбүрміз. Сонымен қатар, жаһандық табыс көзі жаңалықтың қайтілде таралуына да тікелей байланысты. Қазақ тілінде ақпарат тарату арқылыбүкіләлемдік жетістікке жете алмаймыз. Орыстың тілі де Ресей территориясынаншыққан соң ешкімге қажеті жоқ. Ғалам тілі – ағылшын тілі. Қазір дүниежүзіндеболып жатқан жаңалықтардың 92 пайызы ағылшын тілінде жарық көреді. Ағылшынтіліндегі басылатын ақпараттар да, ғылыми жаңалықтар да әлемге тез таралады. Жастарымыздыңағылшын тіліне ден қоюын жақсы нышан деп білемін. Мен өзі мақтануды жек көремін. Шамамкелгенше, жанымдағы жастарғакөмектесуге тырысамын. Көмегімді көріп,ағалық ақылымды тыңдаған жастардың маған деген ілтипатынан да кенде емеспін. Олардыңарасында министр, әкімдерде, ғалымдар мен кәсіпкерлер, тіптен қарапайым азаматтар да бар. Әркімнің бұлөмірден өз іздегені бар. Соны тапқанына қанағат етеді. Бұл жақсы ниет. Адалөмір формуласы. Жалпы, адал адам жамандықтардың жолына кедергі болады. Адал болубұрын да қиын болған, қазір тіптен қиын. Қазіргі замандағы тосын жайттарды көріп – естігенде жастар осы індеттен аман болса деп тілеймін.Жастарымыздың жүрегі таза, қолдары қиянатқа бармаса, болашақ та сенімді,ертеңіміздің жарқын боларына кепілдік сол.

Соңғы жаңалықтар