Төрехан Сабырхан Азия чемпионатында қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
02:05, 25 Қазан 2023
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Kazinform бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
63,5 келі салмақ дәрежесінде өткен турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Сабырхан ирандық боксшы Сейедалиакбар Мирахмадибабахейдаримен кездесті. Қазақстандық боксшы екі раунд бойына сенімді түрде басымдық танытып, үшіншісінде қарсыласын нокдаунға түсірді.
Осылайша Төрехан Сабырхан құрлық біріншілігін жеңіспен бастады.
Айта кетейік, Төрехан – «қазақтың Ломаченкосы» атанған Махмұд Сабырханның інісі. Төрехан Сабырханның жетістіктеріне келсек, ол жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі рет жеңіске жеткен.