Төрехан Сабырхан ХХ жазғы Азия ойындарын жарқын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан кезекті жарыс күні өтіп жатыр.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше әлем чемпионы Төрехан Сабырхан (-70 кг) Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде Қатар былғары қолғап шебері Мұхаммед Дбичимен жұдырықтасты.

Отандасымыз айқастың басынан тізгінді уысынан шығармай, сенімді жеңіске жетті. Есеп: 5-0.

Төреханның ширек финалдағы қарсыласы енді анықталады.

Айта кетелік Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи префектурасы және Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында сегізінші алтын жүлдені қоржынға салған еді