деп хабарлайды Лента.ру.
Бұл айыппұлды Кубан 15 қаңтар күні «Маверикс» пен «Лос-Анджелес Клипперс» клубтарының арасында өткен матч кезіндегі жағымсыз қылықтары үшін төлеуге мәжбүр. Кубанның командасы кездесудің аяқталуына бес минут қалғанға дейін қарсыластарынан 17 ұпайға алда келе жатқан-ды, алайда ойын соңында мүмкіндікті қолдан шығарып, 127:129 есебімен жеңіліске ұшырады.
Матчтан кейін Кубан алаңға жүгіріп шығып, төрешілерге айқайлаған. Ойынға қатысты оның қандай наразылықтары болғандығы жайлы айтылмай отыр.