ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінде бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 13 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентіндегі бас қабатты тұрғын үйде болды. Аудандық өрт сөндіру бөліміне бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.
«Аталған шақырту бойынша оқиға орнына 8 өрт сөндіру бөлімі жедел жетті. Барлау жұмыстары нәтижесінде пәтер ішінен сыйымдылығы 50 литрлік - бір, 3-қабатта орналасқан № 50 пәтерден сыйымдылығы 27 литрлік екі газ баллоны шығарылды. Оқиға барысында 13 адам эвакуацияланды. Оның жетеуі бала. Адамдар аман», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.