«Торғай-Петролиум» компаниясы Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан ірі өндіріс орындарының бірі. Биыл оларға 15 жыл толып отыр. Қазіргі таңда бұл мекемеде 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде 600 маман вахталық әдіспен қатынап жұмыс жасайтындар.
Құмкөл мұнайы 1380-1400 метр тереңдіктен бұрғыланады. Қазір кеніштің қойнауынан өндіріліп жатқан «қара алтын» көлемі жылдан жылға өсіп келеді. 2009 жылы торғайлықтар 3 млн. 180 мың тонна мұнай тапсырды. Сонымен қатар мұнда күніне 8 мың 300 тонна мұнай өндіріледі.
Кеніштегі мереке кешке эстрада жұлдыздарының қатысуымен концертке жалғасады. Сондай-ақ футбол, волейбол, арқан тарту сияқты спорттық ойындар ұйымдастырылады.