Торнадо АҚШ-та әуежайды құлатып кетті

None
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Американың Сент-Луис (Миссури штаты) қаласының халықаралық әуежайы 22 сәуірде күшті торнадо салдарынан жабылып қалды,

деп хабарлады Утро.ру.

Әуежайда тек терезелер ғана емес, оның темір құрсаулары да зақымданды. Ең көп зардап шеккені С терминалы. Әуежайға келгендер түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын, негізінен шыны сынықтарынан жарақат алды. Екі келуші ауруханаға жеткізілді.

Сент-Луис ауданында торнадо салдарынан 44 мың үй жарықсыз қалды. Ауа райының қолайсыздығынан қала билігі стадионнан футбол матчын тамашалап отырған бірнеше мыңдаған жанкүйерді қауіпсіз жерге жеткізу туралы шешім қабылдады.