Торонто әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада Торонто қаласындағы Лестер Пирсон атындағы ірі әуежайда жұма күні екі ұшақ соқтығысып қалды, деп хабарлайды ТАСС.

Абырой болғанда, оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.  WestJet әуекомпаниясы өзінің Twitter-інде  мексикалық Канкуннан келген  Boeing 737-800 ұшағы  тұрақтан енді қозғала бастаған Sunwing әуекомпаниясының ұшағына соғылғандығын жазды. WestJet лайнерінің бортында 168 адам болған. Олардың бәрі эвакуацияланды. Ал Sunwing  ұшағында жолаушылар болмаған.