АСТАНА. KAZINFORM — 2-13 тамыз аралығында өтетін Торонто (Канада) WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды.
Бұл ірі жарыста Қазақстаннан жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсетеді.
Доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 42-ракеткасы, қытайлық Ван Синьюй немесе рейтингіде 61-орындағы аустралиялық Дарья Касаткинаның қай жеңгенімен кездеседі.
WTA рейтингісінде 81-орында тұрған Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 57-ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқасады.
Турнирде әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко бастаған маңдайалды теннисшілер бақ сынайды.
Былтыр канадалық Виктория Мбоко үздік шыққан еді. Биыл ол жарақатына байланысты қатыспайды.
Торонтода барынша сәтті өнер көрсеткен теннисшілер рейтингілік ұпай қорын толықтыра алады.
Еске салайық, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Испаниядағы турнирдің финалына шыққанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).