АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінде кезекті ойын күні өтті.Бұл күні Рудныйдың «Горняк» клубы өскемендік «Торпедоға» овертаймда 5:6 есебімен есе жіберсе, Петропавлдың «Құлагері» Атыраудың «Бейбарысын» 4:1, Астананың «Номадц» Көкшетаудың «Арланын» 4:2, «Алматы» оверртаймда «Ертісті» 3:2, қарағандылық «Сарыарқа» «Ақтөбені» 9:0 есебімен жеңді.
Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігі 1992 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Торпедо» — 13, «Бейбарыс» — 4, «Ертіс», «Сарыарқа», «Арлан» — 3, «Барыс», «Номад» — 2, «Қазақмыс» (Сәтпаев) пен «Болат» (Теміртау) — 1 мәрте чемпион атанды.
Өткен маусымда «Арлан» жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазір турнир кестесінде «Торпедо» мен «Номад» 7 ұпаймен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын алдағы маусымда шайбалы хоккейден Континенталдық кубок ойындарына еліміздің атынан Өскеменнің «Торпедо» командасы қатысатын болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.