АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты финалына жолдама алған екі команда анықталды.
Екінші жартылай финалда өскемендік «Торпедо» мен өзбекстандық «Хумо» командалары кездесті. Алты ойынның нәтижесімен қарсыластар 3:3 есебімен тең тұрған еді.
Бүгінгі кездесу финалға қай команданың шығатынын анықтайтын. Сондықтар олар тартысты ойын өткізді. Кездесу барысында қазақстандық команда қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдаманы қалтаға басты.
Осылайша жалпы серияда өскемендік клуб алға шықты.
«Торпедо» Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде 40 кездесуден кейін 58 ұпай жинап, екінші орын алды.
Енді олар финалда көкшетаулық «Арлан» командасымен кездеседі.
Олар жартылай финалда қарағандылық «Сарыарқаны» 7:1 есебімен тізе бүктірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.