«Торпедо» шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарын жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) командасы шайбалы хоккейден Континенталды кубокта алғашқы ойынын Данияның «Хернинг Блю Фокс» командасына қарсы өткізді.

Бұл турнир Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатыр. Қазақстандық команда «Анже Дакс» (Франция) және«Хернинг Блю Фокс» (Дания) командаларымен сынға түседі.

Бүгінгі кездесу барысында бірінші кезеңде командалар бір-бір голдан соқты. Екінші кезеңде қазақстандық команда үш шайба енгізсе, оған даниялық хоккейшілер бір голмен ажуап берді. Шешуші кезеңде өскемендік команда тағы мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. 

Осылайша олар қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті.

«Хернинг Блю Фокс» (Дания) — «Торпедо» (Қазақстан) 2:6 (1:1, 1:3, 0:2)

0:1 — Рахманов (Мусоров) — 03:03
1:1 — Бау (Амороса, Поульсен) — 07:29
2:1 — Цибульскис (Максимович) — 22:26
2:2 — Колобов (Яковлев, Александров) — 28:54
2:3 — Мусоров (Боровиков, Гренц) — 29:25
2:4 — Колобов (Рунов, Алдабергенов) — 37:39
2:5 — Гренц (Алдабергенов, Боровиков) — 52:00
2:6 — Кляузов (Рифель) — 55:34

Қақпашылар: Фецерс — Пестов.

Енді қазақстандық команда топтық кезеңдегі 16 қаңтарда сағат 19:30–да тағы бір ойынын Францияның «Анже Дакс» клубына қарсы өткізеді. 

Әрбір топтың жеңімпазы финалдық кезеңде алтынға таласады. Екінші орын алған клубтар қола жүлдені сарапқа салады. Топтық кезеңде үшінші орынды місе тұтқан ұжымдар турнирдің бесінші орны үшін мұзайдынға шығады.

Халықаралық турнир 18 қаңтар күні мәресіне жетеді.