Осы ойында өскемендік клубтың екі бірдей xоккейшісі дубльдің авторы атанды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шешуші матчта қарсыластар есепті бірінші болып ашты. "Динамоның" xоккейшілері алғашқы минутта-ақ шайба салып кетті. Алайда, көп ұзамай, Александр Шин есепті теңестірді. Ал екінші кезеңде дубльдің авторы атанды. Үш минуттан кейін "Торпедоның" xоккейшісі Андрей Белозеров есеп айырмасын 3:1-ге жеткізді. Ал үшінші кезеңде ол да дубльдің авторы ретінде көзге түсті. Есеп - 4:1.
Ойынның соңғы минуттарында қарсылас команда бір xоккейшіге артық құраммен бір шайба салып кетті. Сосын қақпашыны алып тастап, есепті тағы қысқартқысы келді. Дегенмен, "Торпедоның" xоккейшілері бос тұрған қақпаға шайба соқты. Қорытынды есеп - 5:2. Осы матчтан кейін "Торпедо" төртінші жеңісіне қол жеткізіп, жалпы есеп бойынша 4:3-пен лиганың жартылай финалына шығып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласының "Сарыарқа" xоккей клубы ширек финалда сүрінген болатын. Осыдан кейін клубтың бас бапкері Вадим Епачинцев қызметінен кетті.