Клубтың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Торпедоның» директоры Сергей Немчиновпен келісімшарт екі тараптың келісімі бойынша бұзылды. Сергей Львович Немчинов клубтың директоры қызметіне 2015 жылы келген.
«2016/2017 жылғы маусымда клуб Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатында жеңіске жетті. Сондай-ақ плей-офф кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, Братина Кубогының финалына дейін шықты. «Торпедо» ХК Сергей Львовичке жемісті еңбегі үшін алғыс айтады және алдағы қызметтерінде сәттілік тілейді», - делінген таратылған хабарламада.
Сондай-ақ өскемендік клуб бас бапкер Алексей Ждахинмен келісімшартты тоқтатуды шешкен.
«Торпедо» хоккейшілері тарихта алғаш рет Жоғары хоккей лигасында жеңіске жетулерін және Братина кубогының ақтық кезеңінде өнер көрсетулерін сондай-ақ Алексей Ждахиннің қажырлы еңбегімен байланыстырады.