ТорСагѕ Burabay-2024: әлемде сирек кездесетін көлік Бурабай көрмесіне ұсынылды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Бурабай курортында спорттық және сирек кездесетін автокөліктердің «ТорСагѕ Burabay-2024» автокөрмесі өтті.
Көрмеге Қазақстанның әр түкпірінен келген автоәуесқойлар қатысты. Көрмеде BMW, TOYOTA, SUBARU, HAMMER, ZAZ тәрізді автокөліктер, сондай-ақ, Қазақстандағы жалғыз SHELBY COBRA (әлемде осы маркалы 100 автомобиль ғана) ұсынылды.
Көрермендер мен автоcүйер қауым демеушілер ұсынған сыйлықтар ұтысына және кешкі Open Air-ға қатысу мүмкіндігін алды.
«Біз автокөрмені серіктестерімізбен екінші жыл өткізіп келеміз. Ондағы басты мақсатымыз Бурабай курортын танымал ету және жастарды тарту. Мұндай іс-шаралар өңірдегі туризмді дамытуға ықпал етеді, өйткені оған Қазақстанның әр өңірінен қатысушылар мен көрермендер жиналады. Бұл жолғы автокөрмеге ретро автомобильдерден бастап, осы күнгі автокөліктің барлығы 50-ге жуық түрі әкелінді», - деп атап өтті «Бурабай даму» ЖШС Бас директорының орынбасары Шыңғыс Оразалин.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл іс-шараны Қазақстанның барлық қаласында өткізу жоспарланып отыр.
Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайда 300 астам адамның қатысуымен PikeMan челленджі өткенін жазған едік.