Алдын ала мәлімет бойынша, Сұлтан Сарсемалиев қыркүйектің ортасынде Жезқазған қаласының аумағында орналасқан № 62 мекемесіне жеткізілген. Бұл түрме өмір бойына сотталғандарды ұстауға арналған мекеме ретінде бейінделген.
ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталған адам күшіне енген үкім негізінде сот белгілеген тиісті қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтеп жатыр.
- Белгіленген тәртіпке сәйкес, сотталғандардың жақын туыстарына олардың орналасқан жері және жазасын өтеу орны туралы хабарланады. Өзге ақпарат, оның ішінде сотталған адамның жеке ісіндегі мәліметтер жария етуге жатпайды. Сонымен қатар, Ұлытау облысында өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстауға арналған мекеме қайта бейінделгенін хабарлаймыз, - деді ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
Еске салайық, қыркүйек айының басында Сұлтан Сарсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім күшіне енді. Ата-енесі мен әйелінің бауырларын өлтірген сотталушы апелляциялық шағым жазған жоқ.