Төрт айда алғаш рет мұнай бағасының баррелі 66 долларға дейін көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WTI маусымдық фьючерстер бағасы барреліне 58,77 долларға жетті, ал базалық солтүстік-теңіздік Brent мұнайы барреліне 66,20 долларға көтерілді, деп хабарлады РБК.

Кушинг, Оклахома терминалында WTI мұнайының көлемі бір аптада 514 мың баррельге төмендеген, деп хабарлады Bloomberg АҚШ Энергия министрлігіне сілтеме жасап. Бұл ретте елдегі қордың жалпы деңгейі болжанған деңгейден төмен. Американдық биліктің деректеріне сүйенсек, соңғы аптада мұнай қоймасына 1,9 млн барр. құйылды. Қордың жалпы көлемі 490,9 млн-ға дейін ұлғайды. Бұл 1982 жылғы тамызда ақпарат жинауды бастаған сәттен бастап апталық ең көп деңгей. Алайда талдаушылар 3,3 млн баррель өсімін күткен.

Агенттік егер бағаның өсуін сезінген мұнай өндірушілер жылдам қарқынмен өндіруді ұлғайтса, жағдайдың жақсаруы өткінші болатынын атап өтеді. АҚШ-та мұнай өндіру 1930 жылдардан бастап ең көп деңгейде сақталуда. Мүшелері әлемдегі мұнайдың 40 пайызын нарыққа жеткізетін ОПЕК өндіру деңгейін төмендетуден әзірге бас тартуда. 12 және 13 мамырда Ресей, Мексика, Оманның техникалық мамандары ОПЕК-тегі әріптестерімен осы мәселені талқыға салмақ, деп хабарлады Bloomberg. Сейсенбіде, 28 сәуірде, Ресей энергетика министрі Александр Новак 5 маусымға белгіленген картельдің жоспарлы мәжілісінің алдында ОПЕК өкілдерімен кездесетінін мәлімдеді. «2-3 маусымда кездесемін», - деді ол журналистерге. Commerzbank бағалауынша, картель мүшелері басқа мұнай өндіруші елдермен өндіруді бірлесіп төмендетуді уағдаласу мүмкіндігі шектеулі.