Төрт бала мен бір ересек адам өрт құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияның оңтүстігінде Наксков қаласындағы үйлердің бірінен өрт шықты. Төрт бала мен ересек адам тілсіз жаудың құрбанына айналды, деп хабарлады Лолланн-Фальстер ауданының полициясы.

Тағы бір ересек адам денесін ауыр дәрежеде күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Наксков қаласы Дания астанасы Копенгагеннен 155 шақырым жерде орналасқан.