Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Марио Загалло 92 жасында өмірден өтті. Ол — дүние жүзінде төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы және бапкер, деп хабарлайды Kazinform.
Марио Загалло 1931 жылы дүниеге келген.
Футболшы мансабында 1948-1965 жылдарда Бразилияның клубтарында ойнады.
1966 жылдан бастап Бразилия клубтарының, Кувейт, Сауд Арабиясы, БАӘ құрамаларының тізгінін ұстады.
Өз елінің ұлттық құрамасы сапында 1958, 1962 жылдарда әлем чемпионы атанды.
Ал 1970, 1994 жылдарда бапкерлік қызметте алтын медаль алды.
«Марио Загалло футбол әлемінде өз өрнегін қалдырды. Ойыншы ретінде жанкүйерлердің жылы ықыласына ие болса, бапкерлік қызметінде жемісті еңбек етті», — деп жазылған Бразилия футбол конфедерациясы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Криштиану Роналду өз мансабында 1200 ойын өткізіп, жаңа рекордына қол жеткізгенін хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.