Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
09:10, 03 Мамыр 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 3 мамыр күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның мәліметіне сенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай Атырау, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Қызылорда қалаларында болады.
Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.