Судья Талғат Әмірешов «Феррит» дизелевоз машинисі Евгений Трофимовичті, «Феррит» дизелевоз машинисі Сергей Мишин мен рельстік көлік учаскесінің бастығы Дмитрий Арабалжиді ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп таныды. Судья олардың әрқайсысына бес жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімін кесті.
Сотталушылардың кейбірі айыптарын мойындамады. Қосымша жаза ретінде судья оларды өнеркәсіптік өндірісте үш жыл мерзім ішінде басшылық қызметтер атқару құқығынан айырды.
Жәбірленушілер айыпталушыларға заңда көзделген жаза тағайындауды сұрады.